Халықаралық беделді кинофестивальдердің басты туындыларын алғаш рет Қазақстанға әкелдік.
SPOT Film Festival — заманауи кино мен қызу талқы арқылы қала тұрғындарын кино өнерінің айналасына топтастыратын мәдени алаң.
SPOT — «бас қосу алаңы» деген сөз. Бұл — қазақстандық көрерменді әлемнің мәдени ортасына жетелейтін, ал киноның өзі ашық сұхбат құруға, жаңа байланыстар орнатуға және пікір алмасуға себепші болатын ерекше орта.
Фестиваль — өнерпаздар жарысатын немесе оларды марапаттайтын алаң емес. Оның мақсаты — жаңа туынды тамашалап, ой бөлісуге құмар әрі қаланың мәдени өмірімен бір толқында болғысы келетін көрермен үшін ортақ алаң құру.