Халықаралық және отандық тәжірибе алмасуға арналған Қазақстанның креатив-индустрия форумы.
Бұл — ортақ шығармашылық аясында тоғысқан түрлі форматтар.
Мұнда кино, музыка, дизайн, анимация, фотография және өзге де саладағы шетелдік әрі отандық танымал мамандар дәріс оқып, тәжірибесін бөліседі әрі шеберлік сағаттары мен уоркшоптар өткізеді.
QARA Forum жобасының миссиясы — ел мамандарын жаһандық тәжірибемен таныстырып, Қазақстандағы креатив қауымдастықтың белсенді ортасын құру.