«RUKH» көрсетілімі және ашық кездесу
Медиа 1 / 6
1 қарашада Алматыдағы OTZALT кеңістігінде Айсултан Сейіттің «RUKH» бейнежұмысы қалада алғаш рет көрсетілді. Үш арналы жұмыс Йозеф Тумари және Азамат Аббасовпен бірлесіп, Өзбекстанның Өнер және мәдениетті дамыту қорының тапсырысы бойынша 2025 жылғы Бұхара биенналесіне арналып жасалған.
Араб тілінен аударғанда «рух» сөзі «жан» деген мағынаны білдіреді. Бұл — қайғы, уақыт және айналадағы әлем қозғалысын жалғастырып жатқанда бір сәтке тоқтап қалған жан туралы жұмыс.
Айсултан Сейітпен ашық кездесуді мультидисциплинар суретші әрі куратор Аида Әділбек жүргізді.