OYU Talent 2026 қазылар алқасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам өтініштің ішінен бес жеңімпазды таңдады. Жеңімпаздар OYU Live жобасының 9-маусымына қатысып, мерейтойлық OYU Fest фестивалін ашады. Бір жеңімпаз Kaspi.kz қолдауымен музыкалық клип түсіру жүлдесіне ие болады.